/ / Жаңалықтар

Қазақ поэзиясының биік заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі – Мұқағали Мақатаевтың қазақ әдебиеті әлемінен алар орны ерекше. Биыл Мұқағали ақынның 90 жылдығы тойланып отыр. Мұқағалиды ел-жұрт шын құрметтейді, шын қадірлейді. Жырларын жатқа айтады, жер-жерде «Мұқағали оқуларын», еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына тағзым етеді. Ақынның артынан қалған ұрпағына берер құнды мұраларымен, өмірі және шығармашылығымен таныстырып, жастарды рухани мұрамен сусындату мақсатында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде 09.02.2021 жылы «Жыр жүйрігі – Мұқағали» атты поэзиялық ән кеші өтті. Іс-шара университетіміздің Тәрбие және әлеуметтік даму бөлімінің проректоры Н.Ш.Хайдаров, Қазақстан тарихы және құқық кафедрасының меңгерушісі – К.Карабаева, Жастар комитетінің төрағасы – Д.Ахан және де университетіміздің білім алушыларының қатысуымен өтті.
Іс-шара студенттердің ақынға арнауымен басталды. Студенттер поэзиялық мұрасынан өлеңдер оқыды. Поэзиялық ән кеші Мұқағалидың сөзіне жазылған әндермен жалғасты.
Кеш соңында университетіміздің тәрбие және әлеуметтік даму жұмысы жөніндегі проректор Н.Ш.Хайдаров сөз алып, білім алушыларға үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және сәттілік тіледі.

Share this Post