Библиотека-ЦАИУ/ 26 сентября, 2024/ Жаңалықтар

Университеттің кітапхана ұжымы 2024 жылдың 25-қыркүйекте Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының 55 жылдығына арналып өткізілген «Инклюзивті кітапханалар, тарихы, жетістіктері перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Конференцияға Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ғылыми-әдістемелік әзірлеу бөлімінің меңгерушісі, п.ғ.к. Назаров М.В., Өзбекстан Республикасының кітапханалар ісі жөніндегі директорының орынбасары Авазова К.Ш., Алматы қаласының Өнер және спорт әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Даржанова Г.Т., және Павлодар, Қостанай, Өскемен қалаларынан кітапхана қызметкерлері арнайы шақырылған.
Конференцияда бүгінгі күнгі инклюзивті қоғам құруда кітапхана жұмысын дамытудағы инклюзивті ортаның рөлі талқыланды.

Share this Post