Warning: include_once(/var/www/vhosts/hgtu.com.kz/lib-caiu.kz/wp-content/plugins/integrate-google-drive-premium/includes//class-main.php): failed to open stream: No such file or directory in /var/www/vhosts/hgtu.com.kz/lib-caiu.kz/wp-content/plugins/integrate-google-drive/plugin.php on line 35
Warning: include_once(): Failed opening '/var/www/vhosts/hgtu.com.kz/lib-caiu.kz/wp-content/plugins/integrate-google-drive-premium/includes//class-main.php' for inclusion (include_path='.:/opt/alt/php74/usr/share/pear') in /var/www/vhosts/hgtu.com.kz/lib-caiu.kz/wp-content/plugins/integrate-google-drive/plugin.php on line 35 КІТАПХАНА ТАРИХЫ — lib-caiu.kz
Skip to content
КІТАПХАНА ТАРИХЫ
КІТАПХАНА ТАРИХЫ
2021 жылы 2 наурызда екі жоғары оқу орны Халықаралық Гуманитарлық-Техникалық университетті және Мардан Сапарбаев институты біріктірілуі арқылы Орталық Азия Инновациялық Университеті құрылды.
Бүгінгі ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. «Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өресін кеңейтеді» дегендей университеттің кітапхана қызметкерлері де профессор -оқытушылар құрамына, білімгерлерге, магистранттарға, өздеріне қажетті ақпаратты сапалы ажырата алуларына көмектесіп, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыруда.
Университет кітапханасының жалпы көлемі -440,2 шаршы метрді құрайды: 2 оқу залы, 3 кітап сақтау қоры, 5 электронды оқу залы бар.
Бүгінгі күнге университеттің кітапхана қорында 74 995 дана оқулықтар мен ғылыми басылымдар;оның 60 037 данасы мемлекеттік тілде, 6 597 дана оқу-әдістемелік және 10 180 дана бірлікте электронды ресурстар қоры бар.
Кітапхана сайты https://lib-caiu.kz/ кітапханадағы электрондық каталогтарға және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мақсатымен ұйымдастырылған бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылады.
Кітапхананың стратегиялық басымдықтары:
кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету;
сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;
шетелдік және республикалық ЖОО мен ғылыми орталықтарының электрондық кітапханалар арқылы алдыңғы қатарлы унисерситеттердің білім беру ресурстарын пайдалануға білім алушыларға мүмкіндік жасау.