Библиотека-ЦАИУ/ 24 октября, 2024/ Жаңалықтар

Кенен Әзірбаев 1884 жылы өмірге келген. Туған жері Алматы облысы. Жамбыл ауданына қарасты Мәтібұлақ деген ауыл. 10 жасында қолына домбыра алып ән салғанн. 11 жасында «Көкшолақ»  әнін шығарады. Небары 13 жасында «Бозторғай» деген әндері арқылы күллі елге аты жайылады. Ұзамай жас баланың дақпырты Алатаудың арғы бетіндегі қырғаз ағайындарға жетіп, «Боздаланың бозторғайы» деген атаққа ие болады. Кенен Әзірбаевтың артында 200-ге жуық ән-жыр, толғаулар қалды. Соның ішінде 150-ден аса ән-күйлері Кененнің өз аузынан жазылып алынған. 

Халық ақыны, әйгілі сазгер, белгілі әнші, сал-серінің соңы Кенен Әзірбаев артына өте мол мұра қалдырған дарын болып саналады. Оның айтыстары, жыр, дастандары, аңыз-әңгімелері өз алдына бір төбе болса, әндері мен өлеңдерінің өзі өз алдына мол бір дүние.

Өткен ғасырдың соңынан бастап, біздің заманымыздың 70-жылдарына дейін Кенен Әзербаев өз бойындағы композиторлық, ақындық талантын, тамаша әншілігін, шебер домбырашылығын және шабытты импровизаторлығын бір-бірімен үйлестіре отырып көптеген шығармалар тудырды. 

Кенен ел аралап өзінің дарынын дамыта түскен. Өнер кайраткерлерімен шығармашылық қарым-қатынаста болған. Ол әсіресе, Балуан Шолақ пен Әсет әндерін, Біржан сал мен Ақан сері туындыларына көп көңіл бөліп, үлгі алған. Шашубай, Нартайлармен замандас, дос болды. Атакты қырғыз ақындары Тоқтағұл, Қалмырзалармен сырласып өтті

Share this Post