КІТАПХАНА ТАРИХЫ

        2021 жылы 2 наурызда екі жоғары оқу орны Халықаралық Гуманитарлық-Техникалық университетті және Мардан Сапарбаев  институты біріктірілуі арқылы   Орталық Азия Инновациялық Университеті құрылды.

        Бүгінгі ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. «Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өресін кеңейтеді» дегендей университеттің кітапхана қызметкерлері де профессор -оқытушылар құрамына, білімгерлерге, магистранттарға, өздеріне қажетті ақпаратты сапалы  ажырата алуларына көмектесіп, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыруда.

         Университет кітапханасының жалпы көлемі -633 шаршы метрді құрайды: 3 оқу залы, 2 кітап сақтау қоры, 5 электронды оқу залы бар.

         Бүгінгі күнге университеттің кітапхана қорында 681983 дана  оқулықтар  мен ғылыми басылымдар;оның 501427 данасы мемлекеттік тілде,  7866 дана оқу-әдістемелік және 21367 дана бірлікте электронды ресурстар қоры бар.

         Кітапхана сайты  https://lib-caiu.kz/ кітапханадағы электрондық каталогтарға және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мақсатымен ұйымдастырылған бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылады.

   Кітапхананың стратегиялық басымдықтары:

  • кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету;

  • сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;

  • жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;

  • шетелдік және республикалық ЖОО мен ғылыми орталықтарының электрондық кітапханалар арқылы алдыңғы қатарлы унисерситеттердің білім беру ресурстарын пайдалануға білім алушыларға мүмкіндік жасау.

Соңғы жазбалар

Санаттар

Шорткоды

Наурыз (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031