Кітапханаға қалай тіркелуге болады?

Кітапхана оқырманы болу үшін тіркеуден өтіп, оқырман билетін алуыңыз қажет.

Оқырман билетін алу үшін талап етілетін құжаттар:

  • жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
  • фотосурет (фотосуретті тіркеу кафедрасында жасауға болады);
  • оқырман билеті 5 жыл мерзімге тегін беріледі. Әр жылдың басында қайта тіркеу жүргізіледі.

 Абонементті пайдалану қағидалары:

  • кітапханада 5 кітаптан үш күннен бес күн аралығында үйге беріледі;
  • құнды оқулықтар, анықтамалар,немесе соңғы данасы қалған оқулықтар үйге берілмейді;
  • оқырмандар кітап аларда студенттік құжаттарын көрсетуі керек;
  • кітапханадан алынған басылымдар белгіленген мерзімде қайтарылуы қажет;
  • өткізілмеген кітабы бар оқырмандар, қарызын қайтармастан кітап ала алмайды;
  • оқу залдарында оқырмандар тек сынақ кітапшасымен кітап ала алады;
  • оқу залдарында тыныштық пен тәртіп бұзуға тиым салынады;
  • оқырмандар жоғалтқан немесе бүлдірген басылымды, сондай басылыммен, оның көшірмесімен немесе кітапхана құны бірдей деп таныған басылыммен алмастыра алады. Мүмкіндік болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құны өндіріліп алынады;
  • оқырман сынақ кітапшасын басқа адамға беруге немесе бөтен құжатпен әдебиет алуға рұқсат етілмейді.

Оқу залын пайдалану қағидалары:

  • оқу залында кітап беру оқырман билеті бойынша жүргізіледі;
  • кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюымен толтырылады;
  • оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет – журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды;
  • әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады. Осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

Оқырманның құқықтары мен міндеттері

Оқырмандардың мынаған құқығы бар:      

  • кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;
  • ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;
  • кітапханада электронды каталогы мен Интернет пен басқа да ақпаратты қызметтерімен пайдалана алады.

Оқырмандар мынаған міндетті:

  • әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;
  • кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға;
  • кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.
  • оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:
  • кітапханаға сырт киіммен кіру;
  • кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіп бұзу;
  • кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптарды алып шығу;
  • кітапхана басылымдарын бүлдіру (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу) ;
  • картотекалар мен каталогтардан кәртішкелер шығарып алу;
  • қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру .

Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

  • кітапхананың мынаған құқығы бар:
  • берілген кітаптардың кітапханаға қайтарылуын үнемі бақылауға.
  • оқырмандардан жоғалтқан немесе бүлінген басылымдардың шынайы нарықтық құнын өндіруге;
  • ал жоғалтқан немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда, оқырманнан сол басылымның шынайы нарықтық құнынан он есе мөлшерде өндіріп алу мақсатымен сот орындарына жібереді.

Функциялары:

  • кітапхана пайдаланушыларға абонементтерде, оқу залдарында, басқа да кітап беру орындарында қызмет көрсетуді ұйымдастырады:
  • оқырмандарды тегін кітапхана қызметтерімен қамтамасыз етеді ;
  • ғылыми және оқу қызметіне көмек ретінде электронды каталог, библиографиялық картотекалар, тізімдер әзірлеп, анықтама және ақпарат жұмысын орындайды ;
  • кафедралармен бірігіп көрмелер, конференциялар мен көпшілік жұмыстың басқа да нысандары көмегімен мазмұны жағынан маңызды баспа туындыларын насихаттаумен шұғылданады ;
  • уақытылы есептен шығарып, қорды тозығы жеткен әдебиеттерден тазартып отырады ;
  • кітаппен қамтамасыз ету картотекасын жүргізеді ;
  • кафедралардың профилі бойынша және пайдаланушылар қажеттіктеріне сәйкес қорды жинақтауды жүзеге асырады, мерзімді басылымдарға жазылу жұмысын жүргізеді ;
  • кәсіби құзіреттілігін тереңдету мақсатында кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін ұйымдастырады ;
  • басылымдардың негізгі, қосалқы қорларын ұйымдастырады және оларды есепке алынуын, орналастыруын, сақтау режимін қамтамасыз етеді.

Міндеттері

Кітапхана міндетті:

  • университет профессор-оқытушылар құрамына, студенттерге, магистр мен аспиранттарға, қызметкерлерге қажеттілігіне сәйкес ақпараттық қызмет көрсетуге;
  • кітапхана қорында жинақталған ғылыми және мәдени мұраларды насихаттау және оны сақтауға;
  • пайдаланушылардың білімін және кәсіби қажеттіліктерін керекті әдебиетпен қамтамасыз етуге;
  • білім алушылардың ақпарат мәдениетін тәрбиелеу, қазіргі заманғы технологиялар негізінде кітапхана жұмыс істеу дағдысын.

Құқығы

Кітапхана құқылы:

Қазақстан Республикасының “Кітапхана туралы” заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасы туралы ережесіне сүйене отырып, кітапхана мыналарды дербес белгілеуіне:

  • осы ережеде көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің нақтылы орындалуына;
  • құжаттар қорын жинақтау көздерін табуға;
  • кітапхананы пайдалану қағидаларын жүзеге асыруға;
  • пайдаланушы жоғалтқан немесе бүлдірген басылымды, сондай басылыммен немесе кітапхана құны бірдей деп танылған басылыммен алмастыра алады, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өндіріп алуға құқылы.

Жауапкершілігі

Кітапхана жауапты:

  • қордың сақталуына және кітапхананың күзет және өрт дабылдамасымен, темір есіктермен және терезе торларымен жарақталған үй-жаймен қамтамасыз етілген жағдайда өзіне бекітіліп берілген мүлікке, өрт қауіпсіздігі мен басқа да қорғауға жауап береді;
  • кітапхана құжаттарының уақтылы есепке алынып, есептен шығаруға;
  • кітапхана пайдаланушыларға үздіксіз қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін;

Кітапхананың қызмет көрсетуі

Кітапхана пайдаланушыларына кітапханалық-ақпараттық қызмет тегін көрсетіледі.

Кітапхананың міндеттері:

  • кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету;
  • сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
  • жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;
  • республикалық және халықаралық кітапханалық-ақпараттық жобаларды іске асыру.

Кітапхананың оқырман залдарында оқырмандар төмендегілермен пайдаланыла алады:

  • мерзімдік басылымдар қорымен;
  • анықтамалық пен энциклопедиялық басылымдармен;
  • электронды тасымалдаушылардағы басылымдармен;
  • электронды кітапханамен.