Тоқсанбаева Дамира Несипбаевна

1959 жылы 15 шілдеде  Шымкент қаласында дүниеге келген.

1966 жылы Шымкент қаласы 85 орта мектебіне оқуға түсіп, 1974 жылы үздік бітірген.

1974 жылы Шымкент қаласы, Кооперовативтік техникумына «Товаровед» мамандығына түсіп, 1977 жылы техникумды бітіріп, «Товаровед» біліктілігін алды.

2000 жылы Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінің «Заңгер» мамандығына түсіп, 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін бітіріп, «Заңгер» біліктілігін алды.

2010 жылы Шыкент қаласы, М. Әуезов атындағы ОҚМ университетіне «кітапхана ісі» мамандығына түсіп, 2012 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМ университетін бітіріп, «кітапхана ісі» біліктілігін алды.

1977 жылдан 1995 жылдар аралығында  бұрынғы ОҚО,  Сайрам ауданының «Универсам» халыққа қызмет көрсету орталығында товеровед қызметін атқарды.

1995 жылдан  2007 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінің кітапхана меңгерушісі қызметін атқарды.

2007 жылдан бастап Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде кітапхана меңгерушісі қызметін атқарады.

Бердиева Аселхан Қалмаханқызы   

1987 жылы 23 қараша ОҚО обылысы Сайрам ауданы Қарасу ауылында туылған.

1994-2005 жыл А.Байтұрсынов орта мектебінде оқып бітірген.

2005-2009 ОҚМУ М.Әуезов атындағы «Кітапхана және бибилиография » мамандық бойынша оқу аяқтаған.

2009 жыл- 2021ж Сайрам аудандық орталық кітапханда еңбек жолы бастаған.

2022 жылдан бастап Орталық Азия Инновациялық университетінде кітапхана бөлімінде кітапханашы қызметін атқарады.

Сеидахметова Ақмарал Омарәділқызы

1991 жылы 5 қаңтарда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы , Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл орта мектебіне оқуға түсіп, 2007 жылы бітірген.

2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Шымкент университетіне «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2011 жылы Шымкент университетін бітіріп, «Педагогика және психология» біліктілігін алды.

2011 жылдан 2013 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің  оқу бөлімінде және  сыртқы бөлімінде лобарант қызметін атқарған.

2013 жылдан бастап Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде кітапхана бөлімінде кітапханашы қызметін атқарады.

Жезтай Дидар Мұқтарқызы

1999 жылы 22 тамызда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір ауылының «Темір» орта мектебіне оқуға түсіп, 2016 жылы бітірген.

2016 жылы Қостанай облысы, Рудный қаласы Рудный индустриалдық институтына «Ақпараттық жүйелер» мамандығына оқуға түсіп, 2020 жылы оқуды бітіріп, «программист» біліктілігін алды.

2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасына «Ақпараттық жүйелер» мамандығына түсіп, 2022 жылы  Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

2020 жылдан бастап Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің кітапхана бөлімінде электронды кітапханашы қызметін атқарады.

Умарова Зура Андасқызы

1962 жылы Оңтүстік Қазақстан  Келес ауданында дүниеге келген.

1979 -1983 жылы Шымкент мәдениет институтын бітірген.

Еңбек жолын Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында кітапханашы болып жұмыс жасаған. 2007 жылы Абай атындағы қалалық кітапханада, қорды толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2022 жылдан бастап Орталық Азия Инновациялық университетінде кітапхана бөлімінде кітапханашы қызметін атқарады.