/ / Жаңалықтар

Құрметті ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері! Құрметті білім алушылар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл мереке – Қазақстан Қарулы күштеріне халықтың зор құрметін көрсетеді, ел тұрғындарының әскери қызметке сенімін нығайтып, азаматтық борыш пен әскери міндеттің мәртебесін арттырады.
Біздің тарихымыз шынайы патриоттық сезім мен әскери ерліктің, қайтпас қайсарлық пен батылдықтың үлгісіне толы.
Барлық уақытта мемлекет пен халық алдындағы борышын адал атқарып жүрген батырлар бейнесі ерекше мақтаныш пен құрмет-беделге ие.
Мыңдаған батырдың есімі халық жадында мәңгі сақталып қалды.
Отанды қорғау – құрметті міндет.

Share this Post