Библиотека-ЦАИУ/ 13 октября, 2025/ Жаңалықтар
МҰХАМЕДЖАН ҚАРАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 115 ЖЫЛ!
Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Республика Мемлекеттіксыйлығының лауреаты Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына — 115 жыл толып отыр. МұхаметжанҚожаcбайұлы 1910 жылы 27 желтоқсанда қазіргі Қызылорда облысы, Әбділда Тәжібаевауылында дүниеге келген. 1933 жылы Қазақ педагогикалық институтын аяқтап, 1934 жылданбастап әдеби қызметтермен айналыса бастады: мектеп оқулықтарын жасауға ат салысып,сыни мақалалар жаза бастады.Ол 30-жылдардан сыншы-ғалым ретінде қазақ әдебиетінебелсене араласты. М.Қаратаевтың алғашқы күрделі еңбегі – С.Сейфуллиннің «Қызыл ат»поэмасы туралы мақала. 50-жылдардың орта кезінен бастап қазақ әдебиетінің дамутарихын, теориясын, эстетикалық мақсат-мұратын зерттеумен шұғылданады. Қазақәдебиетінің қалыптасу проблемаларын зерттеді. «Туған әдебиет туралы ойлар», «Шеберлікшыңына». «Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы», «Эпостан эпопеяға»,«Революция рухымен», т.б. еңбектер жазды. «Даладағы дабыл» атты публицистикалық романы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет басылды.