Тоқсанбаева Дамира Несипбаевна

1959 жылы 15 шілдеде  Шымкент қаласында дүниеге келген.

1966 жылы Шымкент қаласы 85 орта мектебіне оқуға түсіп, 1974 жылы үздік бітірген.

1974 жылы Шымкент қаласы, Кооперовативтік техникумына «Товаровед» мамандығына түсіп, 1977 жылы техникумды бітіріп, «Товаровед» біліктілігін алды.

2000 жылы Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінің «Заңгер» мамандығына түсіп, 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін бітіріп, «Заңгер» біліктілігін алды.

2010 жылы Шыкент қаласы, М. Әуезов атындағы ОҚМ университетіне «кітапхана ісі» мамандығына түсіп, 2012 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМ университетін бітіріп, «кітапхана ісі» біліктілігін алды.

1977 жылдан 1995 жылдар аралығында  бұрынғы ОҚО,  Сайрам ауданының «Универсам» халыққа қызмет көрсету орталығында товеровед қызметін атқарды.

1995 жылдан  2007 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінің кітапхана меңгерушісі қызметін атқарды.

2007 жылдан бастап Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде кітапхана меңгерушісі қызметін атқарады.

Жезтай Дидар Мұқтарқызы

1999 жылы 22 тамызда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір ауылының «Темір» орта мектебіне оқуға түсіп, 2016 жылы бітірген.

2016 жылы Қостанай облысы, Рудный қаласы Рудный индустриалдық институтына «Ақпараттық жүйелер» мамандығына оқуға түсіп, 2020 жылы оқуды бітіріп, «программист» біліктілігін алды.

2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасына «Ақпараттық жүйелер» мамандығына түсіп, 2022 жылы  Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

2020 жылдан бастап Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің кітапхана бөлімінде электронды кітапханашы қызметін атқарады.

Махамбетқұл Аружан Нуржанқызы

2003 жылы 13 тамыз айында Жетісай қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Өргебас ауылында Қ.Аманжолов атындағы №84 жалпы орта мектебіне оқуға, 2020 жылы Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта мектепті жақсы бітірген.

2020жылы Шымкент қаласы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне оқуға түсіп, 2024жылы «Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау» мамандығын бітіріп, педагог маманы болды.

2025жылдан бастап Орталық Азия Иновациялық университетінің кітапхана бөліміне кітапханашы қызметіне тағайындалды.