Библиотека-ЦАИУ/ 13 октября, 2025/ Жаңалықтар

МҰХАМЕДЖАН ҚАРАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 115 ЖЫЛ!

Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Республика Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына — 115 жыл толып отыр. Мұхаметжан
Қожаcбайұлы 1910 жылы 27 желтоқсанда қазіргі Қызылорда облысы, Әбділда Тәжібаев
ауылында дүниеге келген. 1933 жылы Қазақ педагогикалық институтын аяқтап, 1934 жылдан
бастап әдеби қызметтермен айналыса бастады: мектеп оқулықтарын жасауға ат салысып,
сыни мақалалар жаза бастады.Ол 30-жылдардан сыншы-ғалым ретінде қазақ әдебиетіне
белсене араласты. М.Қаратаевтың алғашқы күрделі еңбегі – С.Сейфуллиннің «Қызыл ат»
поэмасы туралы мақала. 50-жылдардың орта кезінен бастап қазақ әдебиетінің даму
тарихын, теориясын, эстетикалық мақсат-мұратын зерттеумен шұғылданады. Қазақ
әдебиетінің қалыптасу проблемаларын зерттеді. «Туған әдебиет туралы ойлар», «Шеберлік
шыңына». «Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы», «Эпостан эпопеяға»,
«Революция рухымен», т.б. еңбектер жазды. «Даладағы дабыл» атты публицистикалық романы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет басылды.

Share this Post