/ / Жаңалықтар

Орталық Азия Инновациялық Университетінің кітапханасында «Ковор­ки­нг» орталығы ашылды.

Ашылу салтанатын Университетіміздің ректоры Ажидинов А.С ашты.

Ашылу салтанатына университетіміздің  ОЖ жөніндегі Проректор Дүйсенов Н.Ж., Әлеуметтік даму және тәрбие ісі жөніндегі Проректор Хайдаров Н.Ш  және  бөлім басшылары, белсенді білім алушылар қатысты.

Университетіміздің ректоры кітапхана қызметкерлерімен белсенді білім алушыларды орталықтың ашылуымен құттықтап, кітапқа деген қызығушылықтарының артуына және болашақта жаңа идеялармен өзара бөлісіп, ғылымға жаңалықтар енгізулерінізге тілектестігін білдірді.

Күнделікті өмірімізге ене бастаған ағылшын тілінен ау­дарғанда «коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді біл­­діреді. Ковор­ки­нг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге не­гіздеу мақсатында қолға алы­нуда. «Коворкинг»-білім мен ғылымға ұмтылған жастардың  бас қосар рухани орталығы. Жастарды тұлға ретінде қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру  кітапхана қызметтерінің негізгі бағыттары. «Коворкинг» орталықтарының жастардың отандық әдебиеттермен қатар әлемдік  классика,  қазіргі заманауи әдебиеттерді таңдап оқитын бірден бір тиімді жоба болатынына, түрлі форматта бірлесіп өткізілген іс-шаралардың жастардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге ұмтылуға септігін тигізетініне зор сенім білдірдеміз.

Share this Post